8.02.2017, 11:37
Оқылды: 80

Бүгін Қазақстан мен Ресей алтынға таласады

IMG_7827Универсиада ойындарында хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы жартылай финалда 4:1 есебімен Чехия құрамасын жеңіп финалға шықты.

Қазақстандық хоккейшілер Универсиада ойындарында осымен 5-ші рет финалға шықпақ. Хоккейшілеріміз 1995 жылы Универсиада финалда Канаданы жеңіп, алтын медаль иеленген. Ал 2007 жылғы студенттік ойындарда қоланы жеңіп алған болатын. 1993 және 2015 жылы шешуші ойындарда Ресейден жеңілсе, 2013 жылы Канада басым түскен еді.

Бұл жолы да финалда Ресей құрамасымен кездесетін болады. Қызу дода бүгін сағат 14:00-де "Халық арена" мұз сарайында өтеді. Бүгінгі бәсекеден жеңіс күтеміз.

Қазақстан-Чехия ойынынан фоторепортажды мына жерден көруге болады.

Нұрлыбек Рахманов,

Алматыдан арнайы zhaikpress.kz үшін

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале