17.05.2018, 17:09
Оқылды: 70

Бүгін БҚО-да Астана күндері басталды

IMG-20180516-WA0010 (1)Биыл Алаштың асқақ айбары, тәуелсіздіктің тұғыры, ел жүрегі – ару Астанаға жиырма жыл. Осы айтулы мерейтойға орай бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысындағы Астана күндері басталды.

Елорданың облыстағы мәдени күндері аясында бүгін «Нұр Отан» партиясының қалалық залында «Астанадан ақ тілек» концерті өтеді. Сахнада Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымдары өнер көрсетеді. Атап айтқанда, «Сарыарқа» халық музыкасы, эстрадалық би, «Шалқыма» би ансамбльдері, сондай-ақ классикалық және эстрадалық вокал солисттері. Сонымен қатар Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залында Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті Орал қаласының тұрғындарына керемет кеш сыйлайды. «Мелодии Великой степи» концерттік бағдарламасы аясында Шуберттің, Гайднның, Бродиннің, Жұбановтың, Жайымовтың, Тәттімбет пен Құрманғазының шығармалары орындалады. Екі концерт те сағат 19.00-де басталады.

17-19 мамыр аралығында А.Островский атындағы орыс драма театрының сахнасында М.Горький атындағы МАОДТ әртістері өз өнерлерін көрсетеді.

17 мамырда театр А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер көрсетеді. Ресей Федерациясының театр қызметкерлері одағының қолдауымен қойылған спектакльде қазіргі замандағы Онегин бейнеленеді.

Келесі күні елордалық актерлер режиссер Әлімбек Оразбековтың «Одинокая яблоня» драмасын көрермендер назарына ұсынады. Астаналықтар жас көрерменге А.Анатольевтің «Снежная королева» ертегісін де қояды. Соңғы гастрольдік кеште Горький театрының өкілдері оралдық көрерменнің назарына К.Людвигтің «Примадонны» комедиясын ұсынады. ҚР еңбек сіңірген артисі, режиссер Бекпулат Пармановтың және қоюшы-суретші Қанат Мақсұтовтың қойылымы байлар әлемінің құпиялары мен шытырманы жайлы әңгімелейді.

Ертең, яғни 18 мамыр күні «Нұр Отан» партиясының залында өтетін «Елордадан елге сәлем» гала-концертіне елордалық филармония ұжымдары қатысады. Сахна төрінде Ринат Малцагов, Клара Төленбаева сынды эстрада жұлдыздары, «Арт-Домбыра» триосы өз өнерін ортаға салады.

19 мамырда осы залда Көркем Шолошова өзінің «Қыз қиялы» атты жеке би бағдарламасын музыкалық тарту ретінде оралдықтардың назарына ұсынады.

 Динара Жұмабекқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале