26.09.2017, 9:58
Оқылды: 70

Бүгін Оралға «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы жолға шығады

Қазақстан Республикасының басшысы Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы В.Путиннің былтырғы кездесуі кезінде қол қойған келісімге сәйкес 2017 жылдың 26 қыркүйегі күні «Астана–Орал» және «Алматы–Орал» бағытындағы алғашқы «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойызы жолға шығады. Бұл жайлы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


«Астана–Орал» бағытындағы пойыз «Астана-Нұрлы-жол» бекетінен 26 қыркүйек күні сағат 11:33-те (Астана уақыты) шығып, Орал қаласының теміржол бекетіне 27 қыркүйек күні сағат 11:42-де (жергілікті уақыт) келіп тоқтайды.

Ал «Алматы–Орал» бағытындағы пойыз «Алматы-2» бекетінен 26 қыркүйек күні сағат 20:17-де (Астана уақыты) қозғалып, Орал қаласының теміржол бекетіне 28 қыркүйек күні 09:37-де (жергілікті уақыт) тоқтайды.

«Орал–Астана» бағытындағы пойыздың жүру ұзақтығы 14 сағат 33 минутқа қысқарып, енді 26 сағат 14 минутты құрайды. Ал «Орал–Алматы» бағытындағы пойыздың жүру ұзақтығы 37 сағат 11 минутты құрап, 22 сағат 29 минутқа қысқарады. «Саратов–Алматы» бағытындағы пойыздың жүру ұзақтығы 40 сағат 47 минутты құрап, 10 сағат 9 минутқа қысқарады.

«Орал–Астана» бағытындағы пойыз тақ күндері, «Орал–Алматы» бағытындағы пойыз жұп күндері жүреді.

Жолаушылар билетінің бағасы: «Орал–Астана» – 9 102 теңге (купе), 17 623 теңге (люкс), «Орал–Алматы» – 16 232 теңге (купе).

Әр пойыз 27 вагоннан тұрады. Оның 22-сі жолаушылар, екеуі мейрамхана, үшеуі қызмет вагоны.

Айта кету керек, жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыру  мақсатында Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік шекараларынан өту кезіндегі тексерістер алынып тасталды.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале