20.07.2019, 20:08
Оқылды: 179

Бүгін өткен «Ашық әкімдікке» 560 адам келді

Бүгін Орал қаласындағы Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында кезекті «Ашық әкімдік» өтті. Билік пен бұқараны байланыстырып, түрлі түйткілдің түйінін тарқатуға бағытталған дәстүрлі қоғамдық қабылдауға бұл жолы 560 адам келді.

IMG_9226

Облыс әкімі Ғали Есқалиев, облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, облыстық басқармалар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары азаматтарды жеке қабылдап, олардың талап-тілектеріне құлақ түрді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумовтың мәлімдегеніндей, дәстүрлі «Ашық әкімдік» бұл жолы өзгеше сипатта ұйымдастырылды. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың уақытын үнемдеу және мәселесін жедел шешу мақсатында тұңғыш рет электронды кезек жүйесі қолданылды. Мамандар электронды кезекке тұрған азаматтарға реттік талон ұсыну барысында алғашқы кеңес беріп, қажетті сала басшысына нұсқап отырды. Арнайы қойылған отырғыштарға жайғасып, кезегі келгенде үстелдерге жақындап, өз сұрағына жауап алып шыққан келушілер электронды кезектің ыңғайлы әрі тиімді екендігін айтып жатты.

Жергілікті биліктің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Ашық әкімдік» шарасы тоқсан сайын ұйымдастырылып отырады. Әдеттегідей бұл жолы да облыс және қала әкімдерінің қабылдауына жазылушылар саны көп болды. Облыс әкімі Ғали Есқалиев 70 азаматты жеке қабылдап, мәселелерді жеделдетіп шешу бойынша тиісті сала басшыларына нұсқаулықтар мен тапсырмалар берді. Шаһар басшысы Мұрат Мұқаев 63 оралдықтың сұрағына жауап берді.

IMG_9233

Тұрғындарды толғандырған мәселелердің қатарында тұрғын үймен қамту, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, балабақша кезегіне тұру және т.б. мәселелер бар.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

Сурет: Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

IMG_9209

IMG_9212

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале