20.06.2018, 9:36
Оқылды: 66

Бүгін Жәңгір хан атындағы университетте 459 түлек тест тапсыруда

 

shi (3)Бүгін Жәңгір хан атындағы аграрлы техникалық университетте ҰБТ өтуде.

Бұл жерде барлығы 950 талапкер тест тапсырады. Олардың 619-ы қалалық және облыстық мектептердің түлектері, 228-і теректілік, 228-і тасқалалық талапкерлер екен.

Тестілеу өткізу үшін 8 аудитория дайындалған. Барлық аудиториялар бейнебақылау камерасымен, мобильді және радиоэлектроникалық байланыстарды бұғаттайтын құрылғылармен қамтамасыз етілген.

Шара кезінде медқызметкерлер мен құқық қорғау органдары мамандары кезекшілік етеді.

Аталған университетте тест сынағы 22 маусымда да өтетін болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале