2.07.2020, 15:03
Оқылды: 86

«Бүгінгі күнімізге өзіміз жауапты болайық!»

Пандемияның жаһанды жаулап, шақырусыз келгеніне де жарты жылдай уақытқа жуықтапты. Қоғам өмірін ешқашан назарынан шығармаған  қазақ әйелі саналы ғұмырының барлығын ұрпақ тәрбиесіне арнайтындығы анық. Сондықтан ел болашағының жарқын болуына біздің қосар үлесіміз зор.

8FB42101-9C37-4705-AF1D-9107A8CA7758

Қоғамды қалыптастыратын да, құртатын да – өзіміз. Аз уақытқа сабырлық, төзімділік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн. Бұл сіз бен біздің болашағымыз үшін қажет. Ұрпақ болашағы жарқын болсын десеңіз, елдегі қалыптасқан жағдайға бейжай қарамай, сақтық шараларына жете мән берейік! Бүгінгі күнімізге өзіміз жауапты болайық!

Шыдамдылық пен сабырды серік етіп, естілік таныта білейік. Нәубеттен сақтанып, аты жаман аурудан аман болайық. Балаларымыз ауырмасын, отбасымыз аман болсын!

Рада Хайрушева, 

Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі төрағасының орынбасары, «ТДК-42» телеарнасының директоры

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале