10.01.2019, 13:14
Оқылды: 78

Бүгіннен бастап мектептерде «Өлкетану» курсы оқытылады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5-7 сыныптарға үшінші тоқсаннан бастап «Өлкетану» курсы енгізілді. Аталған курстың көлемі – 20 сағат (5-сыныпта - 5 сағат, 6-сыныпта –  7 сағат, 7-сыныпта  – 8 сағат). «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті»,  «География» және «Музыка» пәндеріне қосымша болмақ.

DSC_0069

- Бұл курсқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бағдарлама жасақтады. Осы бағдарламаға сәйкес әр өңірдің оқулығы дайындалды. Оқулық туған өлкенің табиғаты мен табиғи ерекшелігін, өлке тарихы мен халықтың даму тарихын, этнографиялық ұлттық ерекшеліктері мен демографиясын, топонимикасын, өнерін, мəдениетін қамтиды. Оқулықты құрастыруға облыстың жоғары оқу  орындарының ғалымдары, тәжірибелі педагогтер, әдіскерлер – барлығы 17 маман тартылды. Сонымен қатар, 11 қызметкерден құралдан эксперттік топ құрылып, оқулықтың мазмұнына сараптама жасалды. Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың қатысуымен авторлар және сарапшылар тобының жұмысы барысында бірнеше отырыстар өткізіліп, барлық материалдар редакцияланды. Сондай-ақ білім басқармасының ресми сайтында жарияланып, көпшіліктің талқылауына салынды,-дейді облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

  Нұрлыбек Рахманов,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале