29.06.2017, 15:09
Оқылды: 54

Бүлдіршін суға батып кете жаздады

3Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы Шаған өзенінің бойында қайғылы оқиғаның алдын алды.


Шымкент қаласынан келген қонақтар су жағалауында демалыс ұйымдастырады. Күнге қыздырынған балалар өзенге шомылуға барады. Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін суға құлап кетіп, тұншыға бастайды. Бұны байқап қалған әкесі айналасындағыларды көмекке шақырады. Жағажайда кезекшілікте болған №3 құтқарушы жасағының жетекшісі Марлен Беркалиев мен құтқарушы Бекжан Айтқалиев баланы ажалдан құтқарып қалды.

БҚО ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ата-аналарға балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмауларын ескертеді.

БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының

бас құтқарушы- психологы

Л.Абдрахманова

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале