13.02.2019, 16:59
Оқылды: 17

Былтыр 5300 оралдық жұмысқа орналасқан

Оралда 8 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілген. Бұл жайлы Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде айтты.

IMG_9773

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 64 адам 747 млн. теңге шағын несие алған . Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп дейді қала әкімі.

298 мүмкіндігі шектеулі адам әлеуметтік қолдау шаралары арқылы жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ оларға ыңғайлы болуы үшін 162 нысан бейімделген.

 

Өткен жылы алғаш рет 3 кенттік округте және Деркөл кентінде «Ашық әкімдік» шарасы ұйымдастырылды. Бөлім басшыларының және коммуналдық қызмет көрсету мекемелері басшыларының қатысуымен өткен шараға 135 тұрғын қатысып, өз сұрақтарын қойды.

Ал Оралда өткен «Ашық әкімдік» шарасына қала әкімінің қабылдануына 284 тұрғын өтініш білдірген.

-Тұрғындар көтерген ең өзекті мәселе сыртқы жарықтандырулар және жаяу жүргінші жолдарын салу туралы болды. Сондай-ақ халықты толғандырған негізгі мәселелер - емханалардың жұмыстары, үй және жер кезегіне тұру, автобустарының қызмет сапасы,  аулаларды абаттандыру. Бүгінде тұрғындардың көтерген сұрақтары қатаң бақылауға алынып, нақты жұмыстар жүргізілуде. Өткізілген барлық 8 "Ашық әкімдік" шарасында түскен жалпы саны 419 өтініштің 350 сұрағы өз шешімін тауып, қалған 69 сұрақ ұзақ мерзімді бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде,- дейді Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев.

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

IMG_9742 IMG_9737

IMG_9695 IMG_9696

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале