30.01.2018, 17:28
Оқылды: 18

Былтыр БҚО-да 14 мыңнан астам жұмыс орындары құрылған

 

Бұл жайында бүгін БҚО әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық кеңес мүшелеріне есеп бергенде айтты.

Елбасы биылғы Жолдауында адам капиталын дамытуға, мұғалімдердің мәртебесін көтеру және денсаулық сақтау саласын ілгерілетуге ерекше көңіл бөлді. Жұмыспен қамту саласында кешенді бағдарламалар нәтижесінде 27 500 адам қамтылды. 14 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды, соның 12 мыннан астам - тұрақты жұмыс орны. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2 мың жұмыс орнына көп. 14 800 адам жұмысқа орналастырылса, оның 1550-і нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы орналасты. Нәтижесінде жұмыссыздық 0,1 пайызға төмендеп, 4,8 процентті құрады.  Орташа айлық жалақы мөлшері 2017 жылдың 9 айында 136,6 мың теңгені құрады. Номиналды жалақының индексінде 1,5% өсім бар.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале