23.02.2017, 10:43
Оқылды: 48

Былтыр Қазақстанда 7 түрме жабылып, 12 млрд теңге үнемделген

Бүгін Бас прокуратурада «Түрме реформасының» ІV Форумы өтеді. Оның барысында соңғы үш жылдағы жұмыс қорытындыланады деп мәлімдеді ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.


Ол «Түрме реформасының» бірінші форумы 2013 жылдың ақпанында өткізілгенін, оның шеңберінде «Түрмедегілерді азайтудың 10 шарасы» жобасы бастау алғанын еске салды.

- Жобаны үш жыл ішінде жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда түрмедегілердің саны 30% азайды. Халықаралық рейтингте Қазақстан 35-ші орыннан 68-ге көтерілді. Екі жыл ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің 7 мекемесі жабылып, бюджеттің 12 млрд теңгесі үнемделді, – деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары.

Ол сондай-ақ форумның екінші бөлігінде Бас прокуратураның «Азаптаусыз қоғамға»жаңа жобасы таныстырылатынын айтты.

- Жобаның мақсаты – қылмыстық процесте және пенитенциарлық салада азаптауды жою бойынша заңнамалық және тәжірибелік шараларды әзірлеу және жүзеге асыру,– деп түсіндірді М.Ахметжанов. Ол сөзінің соңында 2016 жылы түрмедегілер санының төмендеуіне байланысты 7 түрме колониясы жабылып, 12 млрд теңге үнемделгенін айтты. Яғни Жоба көздеген мақсатына жеткен.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале