30.11.2016, 19:03
Оқылды: 73

Дәріхана мен медпункт пайдалануға берілді

 

Орал қаласындағы 6-шы емханаға қарайтын, 6600 тұрғыны бар Круглоозерный ауылдық округінде «Талап» АҚ-ның дәріханасы ашылды. Енді емделушілер дәрігер жазып берген тегін дәрі-дәрмектерді алу үшін қалаға бармайды. Қолжетімді бағамен басқа да дәрілерді сатып ала алады.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған ауылдық округке қарасты Серебряков ауылында медпункт ашылды. Осыған дейін денсаулық сақтау басқармасы «Қазпоштаның» бір бөлмесін жалға алып отырған болатын. Бүгінде жеке кәсіпкер Айнұр Исмағұлова бірнеше бөлмелі жеке үйін медициналық талаптарға сай жөндеуден өткізіп, айына 60 мың теңгеге жалға беріп отыр. 600 тұрғыны бар ауыл үшін бұл қуанышты жаңалық болды.

 Айым ТӨЛЕУҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале