17.02.2018, 22:45
Оқылды: 31

Даңқты баскетболшы "Рухани жаңғыру" музейінде болды

IMG-20180217-WA0150Бүгін даңқты баскетболшы, Олимпиададан тұңғыш қазақ жеңімпазы Əли Жармұхаммедов "Рухани жаңғыру" музейінде болды.

Облыс əкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов өңірде қолға алынған іс-шаралар жөнінде айтты. Музей қызметкері тарихи жəдігерлер жəне фотосуреттермен, облыстағы қасиетті орындар тізіміне енген жердің үлгілерімен таныстырды.

- "Рухани жаңғыру" бағдарламасы ауқымында игі істер қолға алынуда екен. Қуаныштымын. Тəуелсіздік жемісі ретінде асыл мұраларымызды қадірлеу қажет. Осы бағытта жұмыстануды жалғастыра беріңіздер. Жастарға айтарым, қазіргі уақытта жақсы өмір сүріп жатырсыздар. Қазақ халқы үлкенді сыйлап үйретеді. Бала күннен тəрбие береді. Олимпиада жетістікке жеткенім тілеулестердің арқасында. Сіздердің алдарыңызда мүмкіндік мол. Спортпен шұғылданыңыздар, - деді ардагер-спортшы.

Даңқты баскетболшы музейде жастармен кездесіп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді. Өзінің өмірбаяны жөнінде əңгімелеп, бүгін оралдықтармен "Движение в вверх" фильмінің ерекше көріністеріне қатысты алған əсерімен бөлісті. Ардагерге жастар атынан облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Аян Сақошев естелікке спорттық жейде табыстады.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале