24.02.2017, 18:25
Оқылды: 56

Даңқты жерлестердің есімдері берілмек

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті ІХ сессиясы өтті. Депутаттар облыстағы әлеуметтік, мәдениет нысандарына еліміздің, өңіріміздің дамуына үлес қосқан тұлғалардың есімдерін беру туралы ұсыныстарды қарады.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық қазақ драма театрына ұлттық сахна өнерінің корифейі, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығы­ның лауреаты Хадиша Бөкееваның, ал облыстық мәдениет және өнер орталығына ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің есімін беру туралы ұсынысы депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Ұлы Отан соғысында қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімін Оралдағы №30 ЖОББ мектепке, белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиұлының есімін Сырым аудандық орталықтандырылған кітапханаға  беру ұсынысы да мақұлданды. Енді бұл шешім республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жолданады.

 

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале