8.05.2020, 21:45
Оқылды: 329

Дариян, Асан, Мичурин ауылдарының автожолдары күрделі жөндеуден өтеді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен барып, үш елді мекендегі жол құрылысымен танысты. Дариян ауылындағы 4,85 шақырым автожолды «ДСК Приоритет» ЖШС күрделі және орта жөндеуден өткізуде.

D1038FFF-2542-4A14-942C-0D3B33CE0319

– Автожолды жөндеу жұмысын енді бастап жатырмыз. Жол құрылысының негізгі мерзімі – 8 ай. Бірақ құрылысты тамыз айында тәмамдауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта Мәметова мен Есенжанов көшелеріндегі автожолдарды техникалар қырып, тегістеуде. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 52 адамды жөндеу жұмысына тартамыз, – деді ЖШС инженері ВераЕлизарова. Автжолдарды жөндеу жұмысына 370 555,22 мың теңге бөлінген. Облыс әкімі Ғали Есқалиев мердігерге М. Мәметова көшесінде орналасқан Дариян мектеп-гимназиясы жанынан тротуар салуды тапсырды. Жаңбырлы-қарлы маусымда ауыл іші лайсаң болғанда, оқушыларға мектепке келуге қолайлы жағдай жасалуы тиіс.

Мичурин ауылдық округіне қарасты Асан ауылындағы7,5 шақырым автожол күрделі жөнделуде. Автожолды жөндеп жатқан «Адал арна» ЖШС-ның директоры Жандәулет Нұрлыбаевтың айтуынша, жол құрылысы биылғы қазан айында аяқталады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша құрылыс-монтаждау жұмысына 1 103 631,8 мың теңге бөлінген. Жобаға сәйкес 6,65 шақырым су ағызатын арықтар салыады. Жолдар бойына 281 жарық шамы орналастырылады. Жөндеу жұмысына 318 адам жұмылады. Бағдарлама талабына сәйкес, жұмыс орындарының тең жартысына жергілікті тұрғындар орналасады. Облыс басшысы Ғали Есқалиев жұмыс сапары барысында Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимовке бірқатар тапсырма берді.

23ac5ec7-8b9e-4f6a-903c-042c7f57058f

 

– Автожолды жөндеуге жергілікті тұрғындарды көбірек тартыңдар. Әсіресе, алимент төлемей жүрген ер адамдарды жұмысқа орналастырыңдар. Олар балаларының күнкөрісі қамы үшін еңбакқасынан нәпақа үлесін беруі міндетті. Асан ауылы қаланың бір бөлігі іспеттес. Сондықтан ауылдың абаттануына зор көңіл бөлудеміз.Автожолдар жанынан арық жүргізіледі. Ауыл тұрғындарының  бақуатты екенін байқадым. Сондықтан олармен сөйлесіп, көше бойына біркісідей жеміс ағаштарын егуге үгітте. Олар арық суын пайдаланатын болады. Мичурин ауылын абаттандыру да назардан тыс қалмауы керек, – деді Ғали Есқалиев.

 

«Адал арна» ЖШС Мичурин ауылішілік жолының 5,5 шақырымын күрделі және орта жөндеуден өткізеді. Оған 565 136,11 мың теңге қаражат бөлінген. Облыс әкімі Ғали Есқалиев жолдар бойындағы әлеуметтік нысандар қасындағы алаңдар асфальттау тиіс екенін, мұны құрылыс жобаларын жүзеге асырғанды қамтып кету керектігін айтты.

Нұртай ТЕКЕБАЙ

zhaikpress.kz

2D62F640-F156-4CA1-9625-E62516674A3C 0D9674B0-8617-4030-A268-5282156A289F

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале