14.06.2019, 19:19
Оқылды: 391

Дариянда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды

Бүгін Бәйтерек ауданының Дариян ауылында Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды.

DSCN7898

Бүгінде халықты әлеуметтік қорғау бұл елдің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Осы орайда әлеуметтік көмекті қажет ететін жандарды қамқорлығына алатын орталықтың ашылу салтанатына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтай Құлқаев, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ернар Бекетов, ауылдық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікқұл Құлымбетов қатысты.

DSCN7913

– Облыс бойынша әлеуметтік қызметпен 5 251 адам қамтылды. Соның ішінде 582-і бала. Стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында 1 403 адам қызмет алса, жартылай стационарлық  үлгіде 116 адам қызмет алуда. Облыс бойынша 12 орталық қызмет етеді, оның 10-ы шағын орталық. Мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында өңірімізде 13-ші орталық болып, тұсауын кескен  нысанның қызметкерлеріне табыс тілеймін, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтай Құлқаев.

DSCN7922

Орталық директоры Дастан Мұрзағалиевтің айтуынша, арнайы ашылған әлеуметтік орталық әлеуметтік күтім мен медициналық көмек қажет 55 адамға арналған. Орталыққа кешелі бері 10 адам орналасып үлгерген. Әлеуметтік нысанның ашылуы  бір жағынан өмірлік қиын жағдайдағы қызметке мұқтаж жандарға көмегін тигізсе, екінші жағынан жергілікті тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етпек.

DSCN7891

Айта кетейік, орталықта қызмет алушыларға бар жағдай жасалған. Қазіргі күнде 60 адам жұмысқа орналасса, оның басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Мұнымен қоса «дәрігерлер» тапшы дейді мекеме басшылары.

Гүлжамал Жолдығали,

суретке түсірген Гүлжан Аязбаева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале