21.11.2018, 15:39
Оқылды: 172

Дәурен САҒЫНҒАЛИЕВ: «Өмір тарихынан үлгі алуға тиіспіз»

Тұлғаларсыз тарихтың шығыршығы айналмайды десек, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының бір жобасы дәл осы тұлға тақырыбын қаузайды.

Даурен фото

Иә, кез келген халық өз заманының шеңберіне сыймай көрегендік танытқан тұлғаларының есімін мақтан тұтады. Ағылшындар Шекспирді білмеген ағылшынды толық мәнді интеллигент санамаса, Қытайдағылар Конфуцийді білмеген қытайлықты тіптен қытай деп есептемейді. Біздің жағдайымызда Абайды толық танып-білмеген қазақты көшелі азаматтардың қатарына қосудың өзі артық деген ұстаным қажет секілді. Зар заман өтті, тар заман сөкті, ендігі ардың заманы туындайтын өтпелі кезеңде тұрмыз. Ендеше, бүгінгі өскелең ұрпақ өз ұлтына қалтқысыз қызмет еткен тарлан азаматтардың өмір тарихынан үлгі алуы тиіс. Бұл мақаланы әрбір интеллектуалдың миына жасалған шабуыл десек, біздің міндет – сөз бен істің қабысуы болмақ.

Дәурен САҒЫНҒАЛИЕВ,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың оқытушысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале