7.08.2019, 19:09
Оқылды: 213

Дауылда үзілген электр желілеріне әлі жөндеу жүргізілуде

Бүгінгі мәлімет бойынша, аудандардағы жағдай қалыпты. Тек Ақжайық ауданының үш және Бәйтерек ауданының екі елді мекені әлі күнге электр жарығынсыз отыр. Дауылдан соң облыс орталығында барлығы 4 мың абонент жарықсыз қалса, қазіргі уақытта шаһардың бірнеше ауданында жөндеу жұмыстары жалғасуда.

selektor (2)

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен селекторлық жиында өңірде орын алған табиғи төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары талқыланды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашевтан 5-6 тамыздағы жойқын дауылдың салдарын жою жұмыстарын баяндады.

-Қазіргі таңда облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, тәулік бойы қызмет көрсететін қауырт желі іске қосылды. Оған қоса «112» және «109» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтеріне келіп түскен хабарламалар бойынша да шаралар қабылданды. Жойқын дауылдан 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алғаны белгілі. 2011 жылы туған қыз бала ауруханада, қалғандары амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберілді.

Облыстағы 20 ғимараттың төбе жабындысын қатты жел ұшырып әкетті. (Орал қаласында – 4, Бәйтерек ауданында – 4, Қазталов ауданында – 5, Жәнібек ауданында – 4, Тасқала ауданында – 3). Бүгінгі күні комиссия құрылып, келтірілген шығын нақтылануда. Теректер мен алып бұтақтардың құлауы бойынша 60 оқиға тіркеліп, салдарынан он автокөлік зақымданған. Қазір төтеншеліктер мен коммуналдық кәсіпорындардың күшімен көшелер мен аулаларды құлаған теректерден тазалау жұмыстары жүргізілуде,-деді Жасұлан Жұмашев.

Табиғаттың тосын мінезінен Орал қаласы мен аудан-ауылдардың халқы бірнеше күн сусыз және жарықсыз қалғаны белгілі. Облыс басшысы селекторлық режімде байланысқа шыққан барлық аудан басшысынан әр аудандағы қазіргі жағдайды сұрады.

Динара Жұмабекқызы,

Суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале