17.01.2018, 10:52
Оқылды: 56

Демократтар жолдауды талқылады

Кеше облыстық мәслихаттың кіші залында демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» облыстық коалициясы мүшелерінің отырысы өтті.

Оған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, коалиция төрағасы Серік Сүлеймен жетекшілік жасады.

Күн тәртібінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы талқыланды.

Талқылауда «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» облыстық филиалы төрағасның орынбасары Мәншүк Есімғалиева, «Қазақстан коммунистік халық партиясы» облыс филиалы төрағасы Сүйінғали Жарылғасымов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Ербол Салықов, «Ауыл» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мынатаубиік Әнесов және басқасы жолдаудың түгел мазмұны, жекелеген тараулар бойынша ойларымен бөлісті, пікірлерін ұсынды. Талқылау соңында барлық қатысушылар да Елбасының биылғы жолдауына қолдау білдірді.

Серік Ихсанғали

zhaikpress.kz

Суретті түсірген Айбатыр НҰРАШ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале