28.02.2017, 17:59
Оқылды: 16

Діни әдебиет таратқаны үшін 106 мың теңге айыппұл салынды

Өткен жылдың желтоқсан айында облыстық дін істері басқармасына Орал қаласының көшелерінде бір тұрғынның діни мазмұндағы әдістеме материалын таратқандығы жөнінде хабар түсті. Алынған шаралардың нәтижесінде Теректі ауданының Подстепное ауылында тұратын Серікқали Құмарғалиевтің заңбұзушылық жасағаны анықталды.


Заңды түрде тіркелмеген «Евангельдік христиан баптистер шіркеуі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі болып табылатын ол ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 9-бабын бұзған, яғни тиісті емес жерде діни мазмұндағы әдебиеттер таратқан. Соған орай бұл материал Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Таяуда сот қаулысы шығып, С.Құмарғалиев ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлімінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 50 АЕК (106050 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы, заңгер Әділ Нұрмұқановтың айтуынша, облыс әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі №166 қаулысына сәйкес өңірімізде діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы орындар белгіленді. Ондай орындар Орал қаласында және барлық аудан орталықтарында бар».

Сәкен МҰРАТҰЛЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале