25.06.2018, 16:47
Оқылды: 20

Діни тағаттылық дәстүрден ажыратпауы тиіс

c1b58b8a-395d-48b2-8055-3ff3eb26831dОблыс бойынша тұрғындардың діни сауатын арттыру, толлеранттылық пен ұлттық және діни құныдылықтарды насихаттау бағытында 14 ақпараттық-түсіндіру тобы қызмет етеді.

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының алты мүшесі осы топтар құрамына енген. Былтыр облыс әкімдігі Ассамблеяның қоғамдық келісім кеңестерінің діни экстремизмге қарсы 2017-2018 жылдарға арналған шаралар жоспарын бекіткен. Соған сәйкес Достық үйінде «Дәстүрлі діннің экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудағы рөлі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған облыстық Ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері және жастар қатысты. Шарада БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов діни ахуалды сараптауға қоғам болып атсалысу маңызды екенін атап өтті.

Облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Романқұловтың сөзінше, мамыр айында Парламент Мәжілісі «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы мәселелер бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасын мақұлдаған. Соның негізінде төрт кодекс пен сегіз заңға 117 өзгеріс пен толықтыру енгізіледі. Заң жобасында «деструктивті діни ағым», «діни радикализм» ұғымдарына анықтама берілген. Дінге сенбейтіндердің құқығы ескеріліп, мемлекеттік және бюджеттік мекемелер қызметкерлеріне жаңа талаптар қойылады. Мақсат Романқұлов теріс көзқарастағы діни ағымдардың мүшелерімен жекелей жұмыс күшейетінін айтты.

Дөңгелек үстелде «Литер» газетінің меншікті тілшісі, «Экспертная инициатива KZ» ЖК директоры Оксана Дементиевская христиандық бағыттағы кейбір діни ұйымдардың деструктивті элементі бар екенін хабарлады. Олар өз сеніміне психологиялық тәсілдермен ұйытып, Інжіл  баптарын бұрмалап түсіндіреді. Пасторлары әмірлерін қалтқысыз орындауды міндеттеп, отбасылық құндылықтарды теріске шығарады. Ұйым мүшесінің жұмыс орнынан алатын айлық жалақысының 10 пайызын ортақ «қайырымдылық іске жұмсап отыруға» үгіттейді. Журналист екі жыл бұрын «Новая жизнь» діни ұйымының Алматыдағы кеңсесінен тіркелмеген қару табылғанын еске салды. Ал аталған ұйымның филиалы қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында заңды түрде тіркеліп, қызмет етуде. Шарада деструктивті элементі бар діни ұйымдардың қоғаммен арақатынасын  сараптап, олардың психологиялық тәсілдерді қолдануына тыйым салатын уақыт жеткені әңгіме өзегіне айналды. 

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале