25.08.2017, 16:41
Оқылды: 23

Домбырашы Аңсар Бердіғалиевтің концерті өтеді

 

Бүгін Оралда Дәулеткерей атындағы халық аспаптары оркестрінің әртісі, домбырашы Аңсар Бердіғалиевтің «Қос ішек құйған күмбір күй» атты шығармашылық концерті өтеді, деп хабарлайды облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.


Кеш Жастар мәдениет үйінің концерт залында болады. Концертте Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі, оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, «Құрмет» орденінің иегері Еркін Нұрымбетов, оркестрдің дирижеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қырымгерей Қажымов, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрінің домбыра тобының бас концертмейстері Батыржан Мықтыбаев (Алматы қаласы), «Нарын» ұлт-аспаптар  оркестрінің дирижеры Сая Жұмашева (Атырау қаласы)  және облыстық филармония артистері Ақсұлу Жұмалиева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Дастан Есентеміров,  Айбар Хайрханов өнер көрсетпек.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале