23.02.2018, 16:35
Оқылды: 41

«Донеділ» кітабы таныстырылды

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлары одағының мүшесі, Қадыр атындағы қоғамдық қордың директоры, әнші-сазгер Донеділ Қажымовтың «Донеділ» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Д.Қажымов бұл кітапты небәрі 44 жыл өмір сүріп, абыройлы, беделді бола білген әкесінің рухына арнапты. Кітаптың алғашқы бөлімі әке туралы естеліктермен басталса, төртінші бөлімі сыршыл суреттермен аяқталады.

- Донеділ Ізмағамбетұлы - өзінің атын қалыптастырған азамат. Батыс Қазақстанның әнұранына айналған «Ақжайық – ару мекенім» әнін ақын Закария Сисенғалимен бірге жарыққа шығарды. Ару Жайықтың тамаша көркін әуенмен жеткізе білді. Бұл ән қазірдің өзінде мәнін де, сәнін де жоймады. Бүгін, міне, кітап жазу қырын танытып жатыр. Ағамызды құттықтағым келеді. Оның композиторлығын, ұйымдастырушылық қасиетін, басшылық қызметтегі еңбегін атап өткім келеді. Ұзақ жылдар Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияны басқарып, небір қиын кезеңде ұжымды алға бастады, - деді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев.

Шара барысында келушілер назарына «Басына бақ қонады өнерлінің» атты көрме ұсынылды. Cонымен қатар бұл кеште тұңғыш рет Ербол Ақбасов пен Закария Сисенғалидің «Донеділ-Гүлнәр» атты әні орындалды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале