12.12.2019, 12:27
Оқылды: 121

Допты хоккей: «Ақжайық» «Маяк» командасынан ұтылып қалды

Жоғары лига командалары арасында допты хоккейден бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» кезекті ойындарын Краснотурьинскіде «Маяк» командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

sport

Оралдықтар қос кездесуде де жеңіліс тапты.

Бірінші матчта «Ақжайық» Орал допты хоккейінің түлегі Олег Чернов жаттықтыратын айдын иелеріне 2:5 есебімен есе жіберді. Қонақтар тарапынан ресейлік легионер Максим Пахомов пен Андрей Гущин гол авторлары атанды.

Екінші бәсекеде оралдық Петр Грибанов есеп ашқанымен, «Маяк» ойыншысы Михаил Дунаев таразы басын теңестірді. Бұдан кейін Евгений Игошин айдын иелерін алға шығарса, «Ақжайық» сапындағы тағы бір ресейлік Александр Штеле қарымта қайырды. Алайда Максим Никишов пен Евгений Царогородцев мергендік танытып, «Маякка» жеңіс әперді – 4:2.

Екінші топта «Маяк» 15 ұпаймен көш басында келе жатса, «Ақжайық» небәрі үш ұпаймен алтыншы орында тұр.

Оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі кездесулерін 14-15 желтоқсанда Уфада жергілікті «Кировецпен» өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале