9.12.2016, 11:16
Оқылды: 55

«Егеменнің» басшысы – Жайық өңірінде

akim-egemenБүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өңірімізге жұмыс сапарымен келген «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы Хатшылығының басшысы, белгілі ғалым, публицист, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлімен кездесті.  


 

Мәртебелі мейманға облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, соның ішінде елді мекендерді сумен қамту, суландыру жүйелерін жөндеу және қалпына келтіру, жол, баспана құрылысы бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың қарқыны туралы баяндады.

Республикалық аға басылымның бүгінгі таңдағы ахуалы жайында шешіле сөз қозғаған Дархан Қуандықұлы өз кезегінде Алашорда қозғалысының ғасырлық мерейтойына орай қолға алынып жатқан жобалар жөнінде ой өрбітті.

БҚО әкімі Алтай Көлгінов те ұлт тарихында ойып орын алатын бұл оқиғаға қатысты мерейтойлық шараларға Жайық өңірінің де өз үлесін қосып, бірге жұмыстануға ниетті екенін жеткізді.

Айгүл АХМЕТОВА

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале