18.03.2017, 11:55
Оқылды: 41

Екі азамат есірткімен ұсталды

Бұл туралы Орал қ.ІІБ баспасөз қызметі хабарлады.  


Тәртіп сақшылары «Гольф» маркалы автокөлігін тінту барысында 1991 жылғы Н. есімді тұрғыннан 68 дана шырпы қорабына салынған есірткі тектес затты тапты. Оқиға орына барған басқарманың жедел тергеу тобы мен есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған. Сондай-ақ құрықталған азаматтың қалтасынан бір шырпы қорабы мен бір бума қағазға оратылған орама есірткі заты тәркіленген.

Сондай-ақ тергеу барысында 1991 жылғы Н. мен сыбайласы 1992 жылғы С. есімді тұрғынның белгісіз біреуден 81,60 г марихуана сатып алғаны белгілі болды.

Екі күдіктіге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 297-бабы, 1-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале