14.03.2018, 17:16
Оқылды: 24

Екі елдің жас ғалымдары Оралда бас қосты

Копия Изображение 021Бүгін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Адами капитал – жаңғырудың негізі» тақырыбында жас ғалымдардың ХVІІІ халықаралық ғылыми конференциясы өз жұмысын бастады.

Аталған конференцияның басты мақсаты – жас ғалымдарды қазіргі таңдағы ғылыми мәселелерді шешуге, шығармашылық қаблеттерін ашуға, дарынды студенттер мен магистранттарға қолдау көрсетіп, бір арнаға жұмылдыру.

Елбасымыздың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған конференцияға ел және облыс университеттерінің, Ресей елінің бірқатар қалаларының жоғарғы оқу орындарында білім алатын студенттер, аспирантуралардың жас ғалымдары мен магистранттары қатысуда.

Конференция жұмысына өңіріміздегі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Алматы қаласынан және Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Саратов, Самара, Орынбор, Тамбов, Волгоград, Толятти, Уфа, Элиста қалаларынан келген жас ғалымдар қатысуда.

Аталған шарада техникалық, жаратылыс тану ғылымдары, экономика, әлеуметтік-гуманитарлық, мұнай-газ, ақпараттық жүйе, педогогикалық және заң бағыттары бойынша 14 секция жұмыс жасайды.

Үш күнге жоспарланған халықаралық конференцияға қатысуға 300-ден астам баяндама ұсынылған.   

Нұрбек ОРАЗАЕВ

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале