14.10.2019, 13:36
Оқылды: 49

Екі көшені жарықтандыруға сметалық құжат дайындалуда

Зачаган кентінде көгалдандыру мен абаттандыру жұмысы да жанданып келеді. Бұл туралы Зачаган кентінің әкімі Әділбек Қадыров айтып берді.

WhatsApp Image 2019-10-14 at 10.22.55

-Мөңкеұлы көшесіне 200, тас жол бойына 300, Азербайджанская көшесіне 100, Гужвин көшесіне 500, пәтер иелері коорпоративтеріне 470 терек егілді. Биыл 4 350 шаршы метр жерге гүл отырғызылды.

Кент көшелерінде барлығы – 2395 жарықшам қойылған. Мөңке ұлы көшесіне жарықшамдар орнату үшін сметалық құжаттама дайындалып, 16 240 мың теңгеге «Гига Трейд» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Нәтижесінде 120 (светодиодты) жарықшам орнатылды.

Энтузиастов, Азербайджанская көшелерін жарықтандыруға құжаттамалар дайындалуда.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале