22.08.2019, 10:35
Оқылды: 308

Экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін айыппұл салынды

Бәйтерек ауданында аумағы 60 гектар 128 қоқыс үйіндісі бар. Бұл аудандық прокуратураның тексерісі барысында белгілі болды.

про

         Экологиялық заңнаманы сақталуын тексеруге экология департаментінің мамандары қатысты. Тексеріс барысында ұзақ уақыт қоқыс үйіндісін жою үшін шара қабылданбағаны, полигондардың экологиялық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды.

         Мысалы, Достық, Зеленое, Рубежин, Чеботарев ауылдарында қауіпті қоқыс үйінділері газ құбырларына жақын орналасқан. Қоқыс өртенген жағдайда құбырлардың жарылуы мүмкін. Осылайша Экологиялық кодекстің 222-бабының 12-тармағы бұзылған. Мұнымен қоса, Дариян, Переметное, Щапов ауылдық округтерінде жерлерді рекультивациялау іс-шараларын жүргізу үшін тарату қоры құрылмаған (кодекстің 300-бабының 11-тармағы). Ал Щапов, Трекин ауылдық округтерінің әкімдіктері полигондарда құрылыс және коммуналдық қалдықтардың араласып төгілуіне жол беріп, экологиялық кодекстің 292-бабына қайшы келген.

         Ауылдық округтердің әкімдіктері уәкілетті органға қауіпті қалдықтардың паспортын, қалдықтарды түгендеу жүргізу есебін, қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастр ісін тапсырмай, экологиялық кодекстің 194-бабының талабын орындамаған.

         Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Белес, Дариян, Достық, Егіндібұлақ, Железнов, Зеленов, Краснов, Көшім, Макаров, Махамбет, Переметное, Трекин, Чеботаров, Шалғай, Щапов және Янайкин ауылдық округтерінің әкімдіктері ӘҚБтК-нің 344-бабымен (өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

         Бұдан бөлек, экология департаментінің ұйғарымы негізінде аталған округтердің әкімдері анықталған бұзушылықтарды жою үшін шара қолдануда.

БҚО прокуратурасы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале