6.06.2017, 18:20
Оқылды: 128

Экологтар күні аталып өтті

Қазақ драма театрында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және эколог мамандардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік кешке облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов, облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов, облыстық табиғи рессурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Амангелді Дәулетжанов  қатысып, сала ардагерлері мен мамандарын атаулы мерекелерімен  құттықтады.

-1972 жылдың 5 маусымында  БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп бекітілген болатын. Ал 1998 жылы  ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы осы күнді  қоршаған ортаны қорғау қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Экологтар  күні деп жариялады. Бүгінде заманның алға жылжуымен, түрлі өңдеу, өндіру кәсіпорындарының пайда болуымен экологиялық жағдай халықтың алаңдаушылығын туғызып отыр. Ғылым мен техниканың, технологияның дамуымен зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға тигізер залалы  да көбейді. Техногендік әсердің табиғатқа, адамзатқа тигізер зиянын  мейлінше төмендетуде  бұл сала мамандарының еңбегі зор,- деді облыс әкімінің орынбасары Игорь Вальерович.

Салтанатты шарада бірқатар мамандар қоршаған ортаны қорғауда қосқан сүбелі еңбегі үшін облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Олардың қатарында облыстық экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Жанар Изболатова,  әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Оңат Қамбетов, зертхана-аналитикалық бақылау бөлімінің басшысы Нұрлы Исмаилова, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы, аға мемлекеттік экологиялық инспекторы Сырым Тілегенов және Шыңғырлау аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде 1988 жылдан бері қызмет атқаратын Михаил Завгородний мен облыстық табиғи рессурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Фариза Сұлташева, «Конденсат» акционерлік қоғамының бас инженері Нурия Муфтеева бар. Сонымен қатар ҚР Энергетика министрінің «Құрмет грамотасымен» Николай Чаганов, Айсұлу Абдрахманова, Гаухар Қайырлиева, Айгүл Туркина марапатталды.

Шара барысында өңірімізге танымал өнер жұлдыздары әуелете ән салып, мың бұрала биледі.

                                                                 Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале