16.02.2017, 14:56
Оқылды: 45

«ЭКСПО-2017» іс-шараларының кешенді бағдарламасы әзірленді

ЭКСПО-2017» көрмесі аясында елордада 3,5 мыңға жуық мәдени және спорттық шаралар өткізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан мәлім етті.


Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және Астана қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, биылғы жазда елордада өтетін Халықаралық мамандандырылған көрменің мәдени ойын-сауық іс-шараларының кешенді бағдарламасын әзірледі.

«Кешенді бағдарламада түрлі жанрда қазақстандық және шетел шығармашылық топтары мен орындаушыларының, сонымен қатар, еліміздің жас дарындарының қатысуымен өтетін 3,5 мың мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланған, – деп атап өтті А.Нұразхан. – «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасы Қазақстанның көпұлтты халқының мәдениеті мен өнерінің жетістіктерін кеңінен және жан-жақты таныстыруды көздейді».

Сондай-ақ департамент директорының айтуынша, «Қазанат» ипподромының аймағында 2500 шаршы метр ауданда орналасатын «Этноауыл» этномәдени кешені қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсетудің орталығына айналады.

«Этнауыл келішулерді қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті, өнері және дәстүрлерімен таныстырып, келген қонақтың әрқайсысына көшпенділер өркениетінің этномәдени ортасын, өтіп кеткен ғасырлар атмосферасын өз бетінше сезінуге мүмкіндік береді», – деді ол.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале