28.04.2017, 11:28
Оқылды: 58

ЭКСПО-2017 кеңсесінде өңір басшыларымен кеңес өтті

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысының кеңсесінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Халықаралық мамандандырылған Көрмені ілгерілету жайында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, Астана, Алматы және облыс әкімдерінің қатысуымен кеңес өтті.


Облыс басшылары көрме нысандарын, павильондардың контенті, билеттік бағдарлама мен оның шарттарымен, сондай-ақ іскерлік және мәдени-сауықтыру бағдарламасы жайында да танысты.

Ахметжан Есімов кеңес қатысушыларына ЭКСПО-2017 -  Елбасының жобасы екендігін еске сала отырып, жергілікті билік өкілдерінің халыққа ЭКСПО-2017 идеясын және ел экономикасына берер әсерін түсіндіру маңыздылығын жеткізді.

«Өткен аптада президенттің төрағалығымен кеңес өтті. Мемлекет басшысы Көрменің дайындық дәрежесін жоғары бағалады. ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына бір жарым ай уақыт қалды. Сондықтан шараның жоғары деңгейде өтуі үшін жұмыла жұмыс жасауымыз қажет екенін» – атап өтті А. Есімов.

Қазір барлық қатысушы елдер өздерінің павильондарын толтырумен айналысуда. Көрмені өңірлер мен шет елдерде белсенді ілгерілету жүргізіліп жатыр. Осыған орай Ұлттық компания жетекшісі, бірегей шараны аймақтарда насихаттау керектігін атап өтті.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале