28.02.2017, 12:46
Оқылды: 17

«ЭКСПО-2017» көрмесіне концертпен

Батысқазақстандық мәдениет саласының қызметкерлері халықаралық көрмеге дайындалуда.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың айтуынша, өнер саңлақтары халықаралық көрмеге қатысушылар назарына 10 концерттік бағдарлама, 8 спектакль, 2 мұражайлық үлкен көрме ұсынады. Көрмеге 470 адам, соның ішінде Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, екі облыстық театр, би ұжымдары және өнер жүлдыздары барады. ЭКСПО-ға қатысуға өткен жылдың аяғында облыстық бюджеттен 112 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы жол шығынына, сахналық киімдерді жаңартуға, материалдық -техникалық базаны нығайтуға жұмсалады.

Басқарма басшылығы «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастырушылармен кездесіп, көрменің ашылу және жабылу салтанатында өнер көрсеттеін алаңды көріп қайтты.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале