5.07.2017, 18:55
Оқылды: 76

Экспо-тур Шыңғырлау ауданынан бастау алды

Shingirlau 01   Облыстық жастар саясаты мəселелері және ішкі саясат басқармалары "Экспо-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында тарихи орындарға Экспоур ұйымдастырды. Жоба аясындағы жұмыстар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен үндесіп жатыр. Экспо-турдың алғашқы саяхатына он екі ауданның ішінен табиғатының көркемдігімен ерекшеленетін Шыңғырлау ауданы таңдалып алынды. Шараға блоггерлер, тілшілер және жастар қатысты.

   Турды ұйымдастырушы жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Аян Сақошев: «Экспо-турдың мақсаты – әр ауданның тарихи және табиғи жерлерін аралау, туған өлкеміздің тарихына үңілу. Облысымыздың әр өңірі өзіне тән тарихымен ерекшеленеді. Шараға қатысушы блоггер, журналист, белсенді жастар арқылы оны халыққа паш ету. Турымыз алдағы уақытта жалғасын табады. Шаһарға келіп жатқан қонағымыз, белгілі блоггер Яков Федоров та бізді қолдап отыр, - деді.

         -Бұл - «Рухани жаңғыру» аясында жасалып жатқан жобалардың алғашқысы. Осы жоба арқылы туған өлкеміздің тарихына тереңірек үңілуге  мүмкіндік аламыз. Соның негізінде біз Шыңғырлау ауданының ең керемет деген жерлерімен танысып қайттық. Торатбас тауына шықтық, оның тарихымен таныстық. Алдағы уақытта он екі ауданымыздың кереметтерін жариялап отырамыз. Бұны рухани қазына жобасы аясындағы, өзіміздің тарихи жерлердің көрсету мақсатындағы жобалардың бастамасы деп айтуға болады,- дейді өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Салтанат Тұманбаева.

      Экспо-турға қатысушылар ең алдымен Шыңғырлау ауданы орталығындағы қуғын-сүргін құрбандарына және Ауған соғысының ардагерлеріне арналған саябаққа барды. Оның ішінде орнатылған Бөкенбай батыр, Тіленші батыр, Жоламан Тіленшіұлы батырларына арналған  ескерткіштерді аралаудан бастады. Бұл турға қатысушылардың алған әсерлерін және көрнекі суреттерді алдағы уақытта жариялайтын боламыз.

   Жоба облысымыздың белсенді жастарын туған жердің суын, жерін зерттеуге шақырады. Әрі қарай басқа да жастар ұйымдарында, аудандарда, мектептерде, оқу орындарында өз жалғасын табатын болады.

zhaikpress.kz

Әділғазы Кереев

Ақпарат орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале