15.05.2018, 18:09
Оқылды: 28

Елбасы Орал қаласындағы орталық алаңға барды

cff8238540c96a6bdb7bb68ec74a21fb-smҚазақстан Президенті қаладағы орталық алаңды аралап көргеннен кейін, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының іске асырылу барысымен және Орал қаласын одан әрі дамыту жоспарымен танысты, - деп хабарлайды akorda.kz.

Мемлекет басшысына ескі үйлерді бұзып, орнына жаңа үй салу, сондай-ақ әлеуметтік сала нысандарының құрылысына инвестиция тарту барысы жөнінде мәлімет ұсынылды.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясындағы жобалардың іске асырылуы туралы баяндалды.

Елбасы, сондай-ақ, өңір жұртшылығымен кездесті. Онда тұрғындар Мемлекет басшысына қабылданған «Бес әлеуметтік бастама» үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Президенті елімізде жүеге асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалар қоғамның, әсіресе жастардың, мейлінше өзекті проблемаларын шешуге бағытталғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қоғамында бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығына тоқталып, еліміздің қарқынды экономикалық дамуы үшін өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың мәні зор екенін айтты.

Әңгімелесу соңында Елбасы облыс тұрғындарына табыс пен бақ-береке тілеп, Қазақстанды өркендету ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале