27.02.2019, 13:28
Оқылды: 28

Елбасы Үкіметке «Ауыл - ел бесігі» жобасын әзірлеуді тапсырды

Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде айтты.

pr

-Бізде 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту үшін мүмкіндік бар. Ең алдымен, Үкімет әкімдермен және мәслихаттармен бірлесіп, келешегі зор ауылдарды таңдап, әлеуметтік саланы дамытсын. Біз ауылдың әл-ауқатын өсіріп және дамыған ортаға айналдыруымыз керек. Халықтың ауылда еңбек етіп және өмір сүруге әлеуеті жетеді. Осыған орай Үкіметке 2019-2021 жылдары «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру үшін ұсыныс әзірлеуді және қаржыландыруды тапсырамын. Жоба 90 млрд. теңгемен қамтамасыз етілуі керек, -деді Елбасы.

Президент бұл жастарды ауылда тұрақтандыруға септігін тигізетіндігін айтып, алдағы үш жылда жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен қосымша 2 трлн. теңгеден астам қаржы бөлінетіндігін мәлімдеді. Бұл қаражат кедендік әкімшілікті жетілдіру мен бюджет шығыстарын оңтайландыру жолымен өндірілмек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале