17.09.2020, 20:30
Оқылды: 124

Елбасы үміткерлерге дауыс беру үшін «Праймериз» жүйесіне тіркелді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Праймериз» жүйесіне тіркелді. Бұл жөнінде Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімет таратты.

A24A3B79-DE3C-4B72-BB44-4011600F9F79

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысып, дауыс беру процесіне қатысу үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесінде авториязациядан өтті. Өздеріңізге белгілі, праймериздің онлайн дауыс беру рәсімі биылғы жылдың 1-3 қазан аралығында өтеді» деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Айта кетейік, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» праймеризі еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймериз – Елбасы жариялаған «Nur Otan» партиясын «қайта жандандырудың» маңызды бөлігі болып табылатын партияішілік демократияның заманауи тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Кейіннен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі бекіткен, партияішілік іріктеуді өткізу ережесі жарияланды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале