15.03.2018, 9:16
Оқылды: 29

Елбасының халыққа үндеуін талқылады

ANKҚазақстан халқы Ассамблеясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Достық үйінде Елбасының "5 əлеуметтік бастамасы" халыққа үндеуінің талқылауы болып өтті.


Оған Ассамблеяның этно-мəдени орталықтарының жетекшілері, еңбек ардагерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, т.б қатысты.

Отырысты ашқан филиал төрағасының орынбасары Ғ.Қапақов Елбасының бес бастамасына қысқаша түсінік берді.

Əрі қарай «Еділ-Жайық» қазақтар қауымдастығының төрағасы А.Зейнулин, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени орталығының төрағасы Данильбек Саратов, «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Құлжанова cөз сөйлеп, ой-пайымдауларымен бөлісті.

Соңынан қатысушылардың сауалдарына жауап берілді.

Серік Ихсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале