28.07.2020, 17:39
Оқылды: 469

Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері аталған өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады.

2404C22E-A28A-4CE4-BFFB-FEA948BCEBAC

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

"Олардың айтуынша, коронавируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейген. Жалпы жағдай тұрақталып келеді. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектердің қоры жасалған. Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігі айтылды", - деп жазды Б.Уәли.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале