6.07.2019, 9:38
Оқылды: 141

"Еліме саяхат" жобасы жастарға туған жерді тануға үлкен мүмкіндік берді

Елбасының " Болашаққа бағдар:  Рухани жаңғыру" бағдармалық мақаласы аясында біздің облысымызда "Еліме саяхат"  жобасы жүргізіліп келеді.

IMG-20190706-WA0004

Өңір жастары осы жоба аясында Ақмола облысы,  Бурабай ауданына барып қайттық. Жалпы жобаның  мақсаты - тарихымызбен танысу,  рухани-мәдени мұрамызды бойымызға сіңіру және Қазақстанның сакралды орындарын кеңінен тану. Осы сапарға шығуымызға "Жас Қанат" Жастар қоғамдық бірлестігі қолдау көрсетті. Ақжайық жастары  "Еліме саяхат" жобасы аясында жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңіріне ат басын тіредік. Біздің құрам  облысымыздың 11 ең белсенді жасынан тұрды. Олар "Nur Otan" партиясы жанындағы "Жас Отан"  ЖҚ-ның  студенттері, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және "07 live" жастар каналының  операторлары.

Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас ерекше сипат береді. Біздің естуіміз бойынша Бурабай демалыс орны 1810 жылдан мәлім бола бастаған. 1910 жылы қымызбен емдеу-сауықтыру орны ашылған. 1920 жылдан мемлекеттік маңызы бар демалыс орнына Бурабай көлі – географиялық атау берілсе, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады.
Бурабай десе бәріміздің ойымызға алдымен Жұмбақтас пен Оқжетпес келеді. Бұл екі тас белгісінің өзіндік аңызы бар. Біз ең  алдымен Жұмбақтасқа баруды жөн көрдік. Жұмбақтас – Бурабайдағы ең танымал көрнекті орынның бірі. Адамның қиялына байланысты, Жұмбақтас әр түрлі кейіпке енеді  екен. Осы Бурабайға саяхат арқылы үлкен әсер алдық және еліміз тарихи жерлерге толы екеніне көз жеткіздік.

Арген Губашев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале