8.07.2020, 20:16
Оқылды: 446

Елімізде 13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып белгіленді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 13 шілде – Қазақстанда коронавирус құрбандарын Ұлттық аза тұту күні болып белгіленді.

040dac865bd550da9dd1de61acfec995

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылғы 8 шілде күнгі республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде айтты.

«Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын. Дегенмен, «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», - деді Президент Үндеуінде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале