7.07.2020, 17:22
Оқылды: 72

Елімізде дәрі-дәрмекті негізсіз қымбатқа сатуға тыйым салынады

Бүгінгі таңда таңда елімізде дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілері көптеп кездесіп отыр. Осыған орай ҚР ІІМ дәрі-дәрмекті заңсыз әрі қымбатқа сатуға тырысатындарға ескерту жасады.

5C8D2D82-04FB-48A0-B4DC-C039D3C6C242

«Ең алдымен ҚР заңын бұза отырып, дәрі-дәрмекті сатуға бағытталған жедел шаралар туралы айта кеткім келеді. Аталған жұмыстың барысында халықтың дәрі-дәрмекке мұқтаждығын пайдаланған дәріхана қызметкерлері мен жекелеген азаматтардың әрекетіне тосқауыл қойылды.

Қазір Қылмыстық кодекстің 274-бабы (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша 17 фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале