27.10.2020, 9:31
Оқылды: 39

Елімізде «Еңбек» бағдарламасына жыл басынан бері 500 мыңға жуық адам қатысты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Еңбек» бағдарламасына 9 айдың ішінде 494 мың адам қатысқанын мәлім етті.

Енбек 2

«23 қазандағы жағдай бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде жобалардың 63 пайызы, яғни 4152 жоба бойынша жұмыс аяқталды.

Жобалардың басым саны аяқталған өңірлер – Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстары.

Өз кезегінде Алматы, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтанда жобалардың 80 пайыздан астамы әлі жалғасуда. Жұмыспен қамтудың жол картасы жобаларының уақтылы әрі сапалы түрде аяқталуы – халықтың өмір сүру сапасына қатысты дағдарыстан кейінгі дамуға жағдай жасауды қамтамасыз ететінін еске салғымыз келеді», - деді Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша халықты жұмыспен қамту мәселесінде «Еңбек» мемлекетті бағдарламасы да өз үлесін қосып жатыр.

«Бағдарламаға 9 айда 494 мың адам қатысты. Оның ішінде 190 мыңға бос жұмыс орындары бойынша жұмыс табуға бірден көмек көрсетілді. Ал 304 мың адам бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шаралары іске асырылды.

Оның ішінде 68 мың адам кәсіпкерлік негіздерін қоса алғанда оқумен қамтылды. 39 мың адамнан астам жеңілдетілген шағын несие мен гранттар ретінде кәсіпкерлікті дамытуға қолдау алып, олар қосымша 10 200 жаңа жұмыс орынын құрды. Субсидияланатын жұмыс орындарымен 195 мың адам қамтылып отыр», - деді ол.

 

 inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале