9.07.2020, 11:34
Оқылды: 88

Елімізде «СҚ-Фармациядағы» жемқорлыққа байланысты талдау жасалмақ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастап та кетті.

5AA44776-7EAF-41AA-B709-B23D05C5BF6F

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-каналында: «Биылғы 7 шілдеде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады. Ол ағымдағы жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады. Талдауды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, СҚ-Фармацияның қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүргізеді. Талданатын сала халық үшін өзекті және сезімтал екенін ескере отырып, «СҚ-Фармацияның» құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен мән-жайлар туралы мәліметтерді [email protected], [email protected] электрондық мекенжайларына және 8-707-987-98-33 whatsapp байланыс нөміріне жіберуді сұраймыз», - делінген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале