3.07.2020, 10:08
Оқылды: 231

Елімізде жаназа және жерлеу рәсіміне қатысты мәлімдеме жасалды

Елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы COVID-19 індеті кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты мәлімдеме жасады.

C03B6F32-83F2-491D-AC1E-57B6C37C2EA8

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барша мұсылман қауымын Жаназа намазы мен Құдайы астарға қатысуда төмендегідей ережелерді сақтауға шақырады:

1. Жаназа намазына қатысты талаптарды орындауға:

– Жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысуына;

– Жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысуына;

– Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмауға;

– Бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспауына;

– Жаназа намазына келуші кісі міндетті түрде санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық) сақтауға;

• Індеттен қайтыс болған мәйітті дәрігердің нұсқаулығына сай жууға;

– Жаназа намазы мен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырмауға;

– Жаназа намазы барысында қол алысып амандаспауға;

– Жаназа намазының сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтауға;

– Қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтаруға;

– Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспауға;

– Қонақ асын өткізбеуге;

– Жаназадан кейінгі асты өткізбеуге немесе отбасы мүшелерімен шектелуге.

1. Құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптарды орындауға:

– Астарды өткізбеуге немесе отбасы мүшелері, жақын тумаларымен шектелуге;

– Бір ғана діни қызметкердің қатысуына;

– Санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және арақашықтық) сақтауға.

ҚМБД таратқан ақпаратта: «Құрметті жамағат! Алла Тағала қасиетті Құранда: "Өз-өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар", – деп ескертеді. Өз өміріміз бен денсаулығымыз – Алла Тағаланың бізге берген аманаты. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір өсиетінде адам баласының өзіне де, өзгеге де зиян келтіруіне қатаң түрде тыйым салған.

Құрметті, отандастар! Сізде жөтел пайда болып, бойыңызда дене қызуының жоғарылауы байқалса немесе тыныс алу қиынға соққан жағдайда дер кезінде дәрігерге жүгінуге, сондай-ақ қоғамдық орындарға, тіпті мешітке келуді тоқтатып, құлшылықтарыңызды үйлеріңізде орындауға кеңес береміз! Алла Тағала елімізді, халқымызды түрлі ауру-сырқаудан сақтағай! Әумин! – делінген.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале