13.08.2020, 15:44
Оқылды: 83

Елімізде жүргізуші куәлігіне қатысты қызмет саны артты

Елімізде пандемияға қарамастан, автоХҚКО қызметіне сұраныс жоғары деңгейде. Жыл басынан бері автоХҚКО-да 1,7 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ баспасөз қызметінде мәлім болды.

article_185

«Азаматтарға арналған үкіметтің» ресми мәліметіне сәйкес, биылғы жеті ай ішінде Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру және ауыстыру бойынша 400 мыңнан астам қызмет, ал көлікті тіркеу бойынша 1,3 миллион мемлекеттік қызмет ұсынылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, былтырғы жылға қарағанда биыл egov.kz арқылы алынған онлайн қызметтердің саны артқан.

«Бұл үрдіс азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізгені анық. Мәселен, биыл электрондық портал арқылы 145 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін ауыстырса, 90 мыңға жуық кісі көліктерін онлайн түрде қайта тіркеген», - деді ол.

Жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік шектеулерге, соның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты қысқарғанына қарамастан, қазақстандықтардың автокөлікке қатысты қызметтерге деген сұранысы өте жоғары. Айта кетсек, биыл жүргізуші куәлігіне қатысты қызметтердің саны былтырғы жылға қарағанда 70 мыңға өскен, ал көлікті қайта тіркеу бойынша қызмет небары 150 мыңға қысқарды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале