28.03.2017, 18:27
Оқылды: 67

Еліміздің өңірлері мен Ресейде ЭКСПО-2017 билет кассалары ашылды

Expo 01 Наурыз айынан Қазақстанның барлық облыс орталықтарында 17 ресми билет сату кассалары ашылды, дейді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз алған «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.


  Енді көрмеге келуге ниет танытқандардың барлығы билеттерді тек онлайн тапсырыспен ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінде кассалар арқылы сатып ала алады. Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндеріне белгілі дата қойылған билеттер құны 4000 теңге, демалыс күндеріне – 6000 теңге. Ал белгілі датасы қойылмаған билеттер құны 2000 теңгеге қымбат. Студенттер, мектеп оқушылары, зейнеткерлер, көп балалы аналар ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттерді 50 пайыздық жеңілдікпен алса,  Ұлы Отан соғысының ардагерлері, алты жасқа дейінгі балалар, жетім балалар мен кез келген топтағы мүгедектігі бар жеңілдік қарастырылған топтағы Қазақстан азаматтары көрмеге тегін кіре алады.

   «Біз Ресей Федерациясының бірқатар өңірлерінде ЭКСПО-2017 ресми кассаларын аштық. Мәскеудегі касса РФ астанасының орталығында, Лубянкада, Орталық балалар дүкенінде орналасқан болса, Петерборда Гороховой көшесі, 6 мекенжайы бойынша Кассир Ру ғимаратында орналасқан. Сондай-ақ Қазан (Казань), Төменгі Новгород (Нижний Новгород), Екатеринбург, Новосибирск, Сочи қалаларында ірі сауда орталықтарында да кассалар ашылды. Одан өзге Ресейдің ірі қалаларында ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған билет сататын 38 нүкте ашылды», - деп атап өтті брифинг барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.

  Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық мамандандырылған көрмесі Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Көрмеге 5 миллионға жуық адам келеді деп күтілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале