24.06.2019, 10:49
Оқылды: 144

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» көрмесі ашылды

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты көрме ашылды.

 muzei (4)

Бұл шара ҚР Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың ел басқарғанына 30 жыл толуына орай (Қазақстан коммунистік партиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне тағайындалуынан бастап) ұйымдастырылды. 1989-1991 жылдары Қазақстан КПОК-ның бірінші хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы, ал 1990 жылғы сәуірден Қазақстан Республикасының Президенті болып тағайындалды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, соның нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.

muzei (2)

Көрменің салтанатты ашылуы рәсімінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев жиналған қауымды көрменің ашылуымен құттықтады.

muzei (1)

-Тәуелсіздік алған жылдардан бастап еліміз көптеген жарқын тарихи оқиғаны бастан өткерді. Мұның барлығына еліміздегі саяси тұрақтылықтың, халықтың бірлігінің арқасында қол жеткіздік деп айта аламыз. Бірлікті, қоғамдағы ынтамақтастықты сақтауда Елбасының еңбегі зор. Тәуелсіздік алған жылдары өз алдымыза ел болдық, енді не болады, қандай бағыт ұстанамыз деп жүргенімізде, Елбасы өзінің нық, батыл шешімдерін қабылдап, елімізді даму жолына бастады. Содан бері отыз жыл өтіпті. Осы жылдар ішінде көптеген бұрын-соңды қазақ халқының басынан кешірмеген тарихи қуанышты оқиғалар болды. Бақытты сәттердің куәсі атандық. Елбасының өзі айтқандай, қазақ халқының басында мұндай бақытты кезең, бақытты сәттер болған емес. Тарихымыздан білесіздер, талай нәубет заманды басымыздан өткердік. Қазақтың басынан қиыншылық, қайғы-қасірет арылмаған кездер болды. Батырларымыздың жер үшін, ел үшін айқасқанын, жерімізді сақтап қалу жолындағы жанкешті ерліктерін ешуақытта естен шығармаймыз. Одан кейінгі замандарда да ашаршылықты, ұлыларымызды қудалауға түсірген нәубетті де қазақ елі бастан өткерді. Егеменді ел атанғаннан кейін де елімізге өзінің даму жолын таңдау қажет болды. Сол кезде Елбасы қазақстандық даму моделін қолға алып, батыл қадам жасады. Қазіргі уақытта Қазақстанды әлем таныды, даму жолына түстік. Бұл да Елбасының үлкен еңбегінің арқасы деп сеніммен айта аламыз, - деді Қ.Мұсағалиев.

muzei (3)

Көрмеге Елбасының және оның зайыбы Сара Алпысқызының жеке заттары, еңбектері және Елбасы туралы жазылған туындылар қойылған. 2003     жылы Елбасы облыстық музейде болған кезінде «Критическое тысячелетие» атты еңбегін қолтаңасымен музейге сыйға тартқан. Ол кітап та бүгінде музейдің тұрақты экспозициясының жәдігеріне айналған. Экскурсовод Жанаргүл Сырымованың айтуынша, көрме Тәуелсіздік және Тұңғыш Президентке арналған залдан ашылып, қосымша жәдігерлермен толықтырылған. Мысалға, Бөрлі аудандық өлкетану музейінен Елбасының шапаны мен Сара Алпысқызының камзолы әкелінген. Алтын жіппен әдіптелген бұл ұлттық киімдер 2001 жылы ақпанда Ақсай қаласында өткен «Бөбек» қайырымдылық қоры қайырымдылық акциясы шеңберіндегі аукционда сол ауданда қызмет ететін отандық және шетелдік қоғам өкілдерімен сатып алынып, музейге қойылған. Сондай-ақ, көрмеден Қырғызстан Президентінің Елбасыға сыйға тартқан қырғыздың айыр қалпағы, Сара Алпысқызына сыйланған қолғап та орын тапқан. Көрме 6 шілдеге дейін жұмыс істейді.

muzei (6)

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале