12.10.2019, 16:58
Оқылды: 412

Еңбек министрі ауылдағы жас кәсіпкердің шағын цехын көрді

Жұмыс сапарымен БҚО-ға келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Бәйтерек ауданының Дариян ауылындағы ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер Жүрсін Елмұраттың шағын цехында болды.

Біржан Нұрымбетов

Дариян ауылының тұрғыны Елмұрат 2018 жылы "Бастау-бизнес" жобасы аясында кәсіп меңгеріп, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы 4 млн. теңге несие рәсімдеп, жарнамалық баннер шығаратын принтер сатып алған. Ішкі және сыртқы жарнаманы безендіруге тапсырыс қабылдап, іске кіріскен шағын цехтың өнімі сұранысқа ие. Министр Біржан Бидахметұлы шаруасын шағын цехтан бастаған талапты жастың кәсібіне сәттілік тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале