29.12.2016, 19:11
Оқылды: 57

Енді мемлекеттік баға белгілеу болмайды

??????????????????????????????????????????????????????????????????

       2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, кейбір тауар нарықтарында, атап айтсақ, теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, газ, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, айлақтық қызмет, телекоммуникация және пошта байланысының қызметтеріне  мемлекеттік баға белгілеу болмайды.


       Оның сөзінше,  Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында енгізілген бұл жаңалық ең алдымен нарық тиімділігін көтереді, соның нәтижесінде ұлттық субъектілер, Еуропалық Экономикалық Одақ субъектілерімен  тең жағдайда болады. Тауар нарықтарындағы бағалық реттеуден бас тарту, мемлекет экономикасына мультипликациялық әсер ететін кейбір салалардағы қызмет көрсететін нарық субъектілері бағаларының негізсіз өсу тәуекелдеріне ұшыратуы мүмкін. Осыған орай, қоғамдық маңызды нарық салаларында 2020 жылға дейін бағалық реттеудің жаңа түрін енгізу көзделуде. Мысалға айтар болсақ, газ саласында екі қызмет (тауарлық газды бөлшек саудада өткізу және топтық ыдыс құрылғылары арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатып өткізу), теміржол көлігі бойынша екі қызмет (теміржол көлігі арқылы жүк тасымалдау қызметі, теміржол вагондарын жалға беру және вагон (контейнерлер) операторлары және ҚР аумағы арқылы өтетін транзиттік жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау қызметі), азаматтық авиация бойынша бес қызмет (жолаушыларды отырғыз және түсіру, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын ұсыну, жүкті сұрыптау, әуе кемесін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, тасымалдау қызметіне әуежай ғимараттарын жалға беру) және электроэнергетика бойынша төрт қызмет – электр энергиясымен қамтамасыз етуші мекемелерге бөлшек саудада сату, электр энергиясының орталықтандырылған саудаларын өткізу және ұйымдастыру және т.б.) көрсетіледі.

    Мұрат Оспанов, сондай-ақ, Жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап газ және электр энергиясы бағаларының өсуі мүмкін екенін айтты. Тауарлық газды бөлшек саудада сатып өткізу бағасының өзгеруі –босату бағасының және таратушы тұрба құбырлары арқылы газ тасымалдау тарифінің өсуіне байланысты болып отыр. Осылайша тарифтің өсуі тауарлық газды бөлшек саудада сатып өткізу бойынша бір пайызды құрайтын болады.

   Департамент басшысы өз сөзінде бағаның тез көтерілу жағдаяты субъектілердің бәсекелестік саласындағы заңнаманы бұзып отырғанын көрсететінін айтты. Мұндай жағдайда монополияға қарсы орган ден қою шараларын қолдануға құқылы. Бағаның негізсіз көтерілу жағдаяты дәлелденген жағдайда, монополияға қарсы тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп, оларға айыппұлдар салынады. Сондай-ақ, субъектілердің нарық заңдары және бәсекелестік ережелері негізінде жұмыс жасай алмаған жағдайда ҚР Кәсіпкерлік Кодексінде тауар нарықтарында және бөлек субъектілері үшін бағаны мемлекеттік реттеу қарастырылған.

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале